KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886502
2019 жылы:  20217
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2016
   «Өнер» бөлімінің оқу залында көрнекті қазақстандық опера әншілері Ришат және Мүсілім Абдуллиндердің 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің қос тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Ағайынды Ришат және Мүсілім Абдуллиндер 1916 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында татар отбасында дүние есігін ашқан. Екеуінің де музыкаға деген сүйіспеншіліктері ерте оянған. Табиғат оларға ерекше әдемі дауыс сыйлаған. Ең алдымен, Мүсілім 15 жасында Алматы қаласында ашылған музыкалық-драмалық техникумға түседі. Кейін Ришат та сол оқу орнында білім алады. Ең талантты және болашағынан зор үміт күттіретін музыканттар ретінде ағайынды Абдуллиндер Мәскеу консерваториясының жанындағы музыка студиясына, профессор А.И. Вишневскийдің қол астына оқуға жіберіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін Мәскеуде олардың әртістік қызметтері басталады. Олар Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жеке орындаушы болып қызмет атқарды.
   Мүсілім Абдуллин тенорлы партияларды ойнаса, оның ішінде атақтылары – Ленский «Евгений Онегин», Ришат Абдуллин баритонды партияларда ойнаған Жермон «Травиата», Эскамильо «Кармен», Киазо «Даиси» және т.б. Сонымен бірге, ағайынды Абдуллиндер қазақстандық композиторлардың опералық қойылымдарының қатысушылары болған. Мүсілім – Төлегенді («Қыз Жібек»), Қайрақбайды («Жалбыр»), Әзімді («Абай»), ал Ришат – Абайды, Ер Тарғынды, Қожағұлды («Біржан сал») сомдаған.
   Ришат Абдуллин Қазақстан музыка мәдениетінің тарихында Абай партиясын орындаған бірден-бір орындаушы ретінде қалды. Тура осы опера арқылы 1948 жылы Қазақ өнері онкүндігінде Қазақстан өнерін мәскеуліктердің алдында танытқан ағайынды Абдуллиндер болатын.
   Ағайынды Абдуллиндер туралы сөз болғанда, ең алдымен қазақстандықтар олардың вокалды дуэтін еске алады. Себебі, ағайынды Ришат пен Мүсілім тек қана шығармалардың орындаушылары ғана емес, олар үлкен бір мәдени топтың жетекшілері болған.
   Ришат Абдуллин көбіне ұлттық шығармалар – қазақ және татар тілдеріндегі әндерді орындаған. Оның орындауында татар композиторы Рустем Яхиннің әндері мен романстары орын алған.
   Мүсілім Абдуллин тыңдармандарына орыс композиторларының шығармаларын орындаушы ретінде танымал. Соның ішінде: М. Глинканың, П. Чайковскийдің туындылары бар. Олардың қазақ тіліндегі туындылары да өз тыңдармандарын тапқан.
   Үкімет ағайынды Абдуллиндердің шығармашылығын өте жоғары бағалап, 1947 жылы Мүсілімге ҚазКСР-ның халық әртісі, ал Ришатқа 1967 жылы КСРО-ның халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ағайынды Абдуллиндердің өмірі мен шығармашылығы туралы күйтабақтар, СД-дискілер, әдебиеттер ұсынылған. 
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!      
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование