Иран кітап бұрышы
Иран кітап бұрышы 2005 жылы Иран Ислам Республикасының Халықаралық және мәдени зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы Келісім негізінде ашылды.
Иран кітап бұрышының қызметі: - Иран туралы ағылшын, парсы, орыс тілдеріндегі әр білім салалары бойынша басылымдармен оқырмандарға қызмет көрсету; - екі мемлекет арасындағы мәдениет және әдебиет саласындағы ынтымақтастықты кеңінен нығайту; - зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге Иран әдебиеті мен мәдениеті, парсы тілі мен әдебиетін зерделеу мәселелері бойынша кеңес беру; - Иран халықтарының мәдениеті мен әдебиетін насихаттау барысында көпшілік шаралар өткізу.
|