Ғылыми-әдістемелік қызметі
Қызмет жетекшісі: Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы Байланыс тел.: +7-727-267-28-73 e-mail: metod_nlrk@mail.ru; gmakhanbetova@nlrk.kz
Негізгі бағыттары:
- Қазақстандағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайын зерттеп, талдау және дамуын болжау;
- Республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;
- кітапхана ісіндегі өзекті тақырыптар және ҚР Ұлттық кітапхана тарихы бойынша іргелі қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне және республика кітапханаларына кітапханатанулық зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары және кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
- ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің және республика кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
- Кітапханатану залында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету.
Негізгі міндеттері:
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорын жүргізу, республика көпшілік кітапханалары қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;
кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеу;
кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, ғылыми ақпаратпен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, ҚР Ұлттық кітапхана және республика кітапханалары қызметіне инновациялық үрдістерді енгізуге әдістемелік көмек көрсету;
кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;
республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен, ҚР Кітапханалар Ассоциациясымен, алыс және жақын шетел кітапханаларымен және т.б. қоғамдық ұйымдармен, ассоциациялармен әріптестік қарым-қатынас орнату;
республика көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу, жарияланымдар дайындау;
ҚР Ұлттық кітапхана Ғылыми Кеңесінің және Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Кітапханатану залында оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Құрылымы:
Кітапхана ісінің дамуын болжау мен дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тобы;
Кітапханатану залы.
Кітапхана қызметін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық құжаттар
Қазақстан кітапханаларының анықтамалығы |