KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888687
2019 жылы:  22402
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі

Қызмет жетекшісі:
Рахимова Анар Кәріпбайқызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-62
e-mail: arakhimova@nlrk.kz 

   Негізгі бағыттары:

- әдебиеттердің ашық қорында ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
- дәстүрлі және электронды түрде ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
- электрондық ақпараттарға қолжетімділікті  ұйымдастыру;
- дәстүрлі карточкалы каталогты ұйымдастыру және жүргізу;
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
- электрондық каталогтан ақпарат іздеу және тапсырысты жүзеге асыру  жөнінде  кеңес беру;
- білімнің барлық салалары бойынша  электрондық басылымдар қорын  CD, DVD-де ұсыну;
- стандартты бағдарламаларды дербес пайдалану үшін компьютерлер ұсыну;
- баспа құжаттарын сканерлеу;
- мәтіндерді басып шығару;
- толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділік:
- ПАРАГРАФ Қазақстан заңнамасы бойынша толықмәтінді электрондық дерекқоры. Дерекқорда нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері, заңгер-ғалымдар мен тәжірибешілердің заңнамаға түсініктері, Жоғарғы Соттың және республиканың басқа соттарының шешімдері, сот тәжірибесінің шолулары, халықаралық құқық құжаттары; Қазақстан Парламенті қарастырған заң жобалары; құқықтық және іс құжаттарының үлгілік түрлері және басқа маңыздылығы кем емес құжаттар қамтылған.
- ЭТАЛОН нормалар, ережелер, стандарттар, нұсқаулар, құралдар, сондай-ақ Қазақстанның, Ресей және басқа елдердің ілеспе нормативтік құқықтық актілері қамтылған;
- EastView (орыс тілінде) Ресейдің гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді басылымдары – Ресей ғылым академиясы институттарының археологиядан бастап лингвистикаға дейінгі салаларды қамтитын «қалың журналдарға» дейін, әйгілі «Новый мир» журналы мен тәуелсіз ғылыми журналдардан бастап қамтылған. Тақырыбы: тарих, мемлекет және құқық, жаратылыстану, әдебиеттану, медицина және денсаулық сақтау, ғылым және техника, философия, экономика, этнография;
- EBSCO (ағылшын тілінде) экономика, бизнес, менеджмент, әлеуметтану, саясаттану, ақпараттану және басқа ғылымдар жөніндегі басылымдарды қамтиды, барлығы 14000 астам журналдар, бизнес-талдау құжаттары, нарықтар мен компаниялар жөніндегі есептер және т.б. 
- Polpred.com  әлемнің жетекші ақпараттық агенттіктерінің басты хабарламаларының толық мәтіндерімен бірге баспасөз шолуы қамтылған. Дерекқордың рубрикаторы: / 26 сала / 600 дерек көздері / РФ 8 федералдық округтері / 235 елдер мен аймақтар / басты материалдар / 3000 бірінші тұлғалардың мақалалары мен сұхбаттары.

   Оқырман залындағы ашық қорда ұсынылған:

1. Білімнің барлық салалары бойынша электрондық басылымдар CD, DVD;
2. Библиографиялық басылымдар.
3. Анықтамалықтар, сөздіктер мен энциклопедиялар;
4. Реферативтік журналдар;
5. Жаңа әдебиеттер көрмесі;
6. Дерекқорлар және Интернетке қолжетімділік.

   Каталогтар залында келесі баспа каталогтары орналасқан:
1. «Қазақстан кітаптары» қорына:
- алфавиттік каталог қазақ тілінде;
- жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде;
2. Жалпы қорға:
- алфавиттік каталог орыс тілінде;
- жүйелік каталог орыс тілінде (Алфавиттік-пәндік көрсеткішпен жабдықталған);
3. Авторефераттар қорына:
- алфавиттік каталог қазақ және орыс тілдерінде;
- жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде;

    Каталогтар залында оқырмандар үшін ҚР Ұлттық кітапханасының 17 дерекқордан тұратын электрондық  каталогынан құжаттар іздеуге арналған компьютерлер орнатылған.

  

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование