Ұлттық библиография қызметі
Бөлім жетекшісі: Сәйдембаева Әлия Шұратқызы Байланыс тел.: +7-727-267-28-63 e-mail: natbibliography@nlrk.kz
Негізгі бағыттары:
- Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру; - Қазақстанның қоғамдық ғылымдары, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тіл білімі жөніндегі ағымдағы ғылыми ақпараттың библиографиясын қалыптастыру; - Авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды (тарих, әдебиет, мәдениет пен өнер бойынша және библиографияның басқа түрлерін) дайындап шығару; - ұсыныстық библиографиялық құралдарды: Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін, Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясын құрастыру; - оқырмандар сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау; - ағымдағы ғылыми-ақпараттық библиографиялық құралдар – реферативтік журналдар дайындап шығару; - библиографиялық картотека мен баспалық библиографиялық құралдардағы библиографиялық жазуларды электронды түрге көшіру (конверсиялау); - ұлттық авторитеттік жазбаларды: «есімдер», «әулет есімдері», «бірыңғайланған бас тақырып», «жағрафиялық атаулар», «пәндік айдар»; қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.
Құрылымы:
- ретроспективтік және ұсыныстық библиография тобы; - авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.
Ұлттық библиография қызметінің басылымдары
2016
2015
2014
2013
2012
2011
2010
2009
2008 |