KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066075
2019 жылы:  131610
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.02.2010

ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің жетекшісі Әбдірәсілқызы Айнұр Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен ұлы ойшыл, түркі сопылық поэзиясының негізін қалаушы Қожа Ахмет Йасауиді еске алуға арналған халықаралық симпозиумға қатысты.

Симпозиум Стамбул қаласындағы Бағжылар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Симпозиумға әлемнің әр түкпірінен келген белгілі йасауитанушы-ғалымдар, діни ұйымдар мен қайырымдылық қорларының өкілдері қатысты.

Йасауитанушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Әбдірәсілқызы «Қазақстандағы йасауитану: зерттеу мәселелері мен даму бағыттары» тақырыбында түрік, қазақ тілдерінде баяндама жасады. Автордың «Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі» атты монографиясы (Алматы, «КИЕ», 2007) көрнекті йасауитанушылардың жоғары бағасына ие болды.

Симпозиум барысында 30-ға жуық ғылыми баяндама тыңдалды. Қатысушылар назарына сопы ақын Қожа Ахмет Йасауиге арналған деректі фильм мен Қ.А.Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование