KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066072
2019 жылы:  131607
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.03.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, Қазақстан Ғалымдар Одағының Президенті, ҚР Парламент Мәжілісінің Қоғамдық палата мүшесі Оразалы Сәбденнің «Экономика» атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері өтті.

Ғалымның 10-томдығына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері жөніндегі таңдаулы еңбектері енгізілген.

I том – «Инновациялық экономика»;

II том – «Бәсекелестікке қабілетті экономика»;

III том – «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері»;

IV том – «Нарықтық экономика» (оқу құралы);

V том – «Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін не істеу қажет?»;

VI том – «Халық игілігі үшін»;

VII том – «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын қаржы-несиелік реттеу: мәселелері мен болашағы»;

VIII том – «Шағын кәсіпкерлік»;

IX том – «XXI ғасырдың қарсаңындағы ауыспалы кезеңнің экономикалық саясаты»;

X том – «Ғылым. Білім беру.Нарықтық экономика».

Жүргізуші-модераторлар аса көрнекті академик ғалымдар С.Зиманов және А.Қошанов болды.

Тұсаукесер рәсіміне сонымен қатар Қазақстанның белгілі ғалымдары А.А.Әбішев, О.Б. Баймұратов, Т.И. Мұхамбетов, К.О.Оқаев, К.Б.Бердалиев,  С.Қирабаев, С.Сатубалдин, А.Нысанбаев т.б. қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование