KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888401
2019 жылы:  22116
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.03.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті Ахмет-Зәки Уәлиди Тоған зерттеулерінде»  атты дөңгелек үстел өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы дөңгелек үстелдің жүргізуші-модераторы болды. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымындағы ҚР МАМ өкілі, ф.ғ.к. Асқар Тұрғанбаевтың ұйымдастыруымен өтті.

Халықаралық жиында башқұрт халқының көрнекті ғалымы, белгілі қоғам қайраткері   Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның өмірі мен ғылыми мұрасы жайында қазақстандық және шетелдік белгілі ғалымдар баяндама жасады. Басқосуға отандық тарихшы ғалымдармен қатар Түркиядан арнайы шақырылған ғалымның баласы Сүбедей Тоған, Башқұртстаннан келген философия ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Хужахметова мен «Уфа-центр» газеті редакторының орынбасары Айнұр Хужахметов, танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, т.ғ.д, профессор, А.З.Уәлидидің шығармашылығын зерттеуші Саттар Мәжитов, «Ағидел» башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Азамат Рыскелдин және т.б. қатысты.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Башқұртстан республикасы Мәдениет және ұлттық саясат министрлігінің ұсынысын ескере отырып, көрнекті ғалым, профессор, ғылым докторы Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның түркі мәдениеті мен тарихын зерттеуге сіңірген еңбегі үшін 2010 жылды Түрксой шеңберінде «Ахмет-Зәки Уәлиди Тоған жылы» деп жариялады.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование