KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888243
2019 жылы:  21958
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы облыстық Т.Шевченко атындағы «Просвита Жетісу» Украин мәдени орталығымен бірлесіп, ұлы украин ақыны, суреткер Т.Шевченконың 196 жылдығына орай әдеби оқулар кешін өткізді.

Әдеби оқулар шеңберінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Шевченко қазақ жерінде» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Т.Шевченконың шығармалары қойылды, олардың ішінде 1935 жылы латын шрифтімен қазақ тілінде жарық көрген, кейіннен бірнеше рет қайта басылған Шевченконың алғашқы шығармалар жинағы ерекше орын алады.

ӨзКСР МБ-да басылған өзбек тіліндегі 1939 жылғы басылымдар, «Тарас Шевченконың сыни-биографиялық очеркі» атты 1939 жылғы мәскеулік басылым оқырмандардың үлкен қызығушылығын  тудырды. Көрмеге сондай-ақ Т.Шевченко шығармаларының қазақ, татар, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар тіліндегі аудармалары қойылды.

Әдеби оқулар мектеп оқушыларының Т.Шевченко өлеңдерін қазақ, украин және орыс тілдерінде орындауымен жалғасты. Іс-шара Украинаның Алматы қаласындағы Бас консулының, Алматы қаласының ұлттық мәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен өтті.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование