KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888354
2019 жылы:  22069
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2010

ҚР Ұлттық кітапханасында «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге кірісуіне арналған  «Еуропаға жол – өркениетке жол» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті.

2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес дайындалып, ҚР Президентінің 2008 жылдың 29 тамызындағы №653 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасын Еуропаның жетекші орындағы елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару.

Қазақстан Республикасының Еуропа елдерімен технология, энергетика, көлік, техникалық реттеу және метрология, сауда-экономика, шағын және орта бизнесті дамыту, өмір сапасын арттыру, гуманитарлық өлшемдер бағыттарындағы ынтымақтастығын дамыту және тереңдету, сондай-ақ Қазақстанның институционалдық-құқықтық базасын еуропалық оң тәжірибені пайдалана отырып жетілдіру ісін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда Еуропаның жетекші орындағы елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілуін қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық кітапханасы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға Еуропаның жаңа техника мен технология саласындағы ақпараттық ресурстарын, медицинадағы жетістіктері мен зияткерлік мұрасын кітап көрмесінде кеңінен ұсыну арқылы өз үлесін қосып отыр.

«Еуропаға жол – өркениетке жол» атты кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ және Еуроодақ елдерімен ынтымақтасу шежіресі қойылған.

Көрменің мақсаты – кітапхана оқырмандарын Еуропа елдерінің ҚР ҰК қорындағы бай зияткерлік мұрасымен кеңінен таныстыру. Ұлттық кітапхана қорында мерзімдік шегі 1523-2010 жылдар аралығын қамтитын әлемнің 117 тіліндегі білімнің түрлі салаларына қатысты басылымдар сақталуда.

Көрменің әрбір елге арналған бөлімінде сол елдің басқару формасы, мемлекеттік рәміздері, құрылған жылы, жалпы географиялық мәліметтері және т.б. ақпараттар қазақ және ағылшын тілдерінде берілген.

Кітап көрмесі келушілер назарына Еуропа өркениетінің зияткерлік мұрасына қатысты 5000-нан астам басылым ұсынады.

Осы тамаша кітап көрмесін Ұлттық кітапхананың Бас директоры О.Исахов салтанатты жағдайда ашты. Ол қатысушыларды кітап көрмесінің негізгі мақсаттарымен қысқаша таныстырып өтті.

«Еуропаға жол – өркениетке жол» кітап көрмесінің салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы И.М.Қозыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі М.А.Нұрмағамбетов, ҚР-дағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Ллойд Миллар, РФ Бас консулдығының кеңесшісі, консул Е.В.Карасал, Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігі Өкілдігінің Мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Й.Шиттерер, Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Ж.Тұрсымұратова және басқалар қатысты.

Кітап көрмесі 2010 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование