KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888235
2019 жылы:  21950
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ҚР Жоғарғы оқу орындарының ассоциациясы, Журналистика академиясы және  Қазақстан Журналистер одағымен бірлесе отырып, 2010 жылдың 20 сәуірінде «Қазақ майдандық журналистикасы» атты 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізді.

Конференцияға соғыс және еңбек ардагерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, республикалық газеттер мен журналдардың бас редакторлары, ақын-жазушылар, майдандық газеттердің тілшілері, ғалымдар және Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Қазақстан Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев «Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі майдан журналистикасы» тақырыбында баяндама жасады. 

Конференция аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан майдан журналистерінің шығармашылығына арналған «Қазақ майдандық журналистикасы» атты көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 500-ден астам басылым қойылды. Көрме 1941-1945 жылдардағы майдангер журналистер Қалмақан Әбдіқадыров, Дихан Әбілев, Ғазиз Әбішев, Түймебай Әшімбаев, Әбуғали Сәрсенбаев, Қапан Сатыбалдин, Өтебай Қанахин және т.б. шығармашылығына арналған бөлімдерден құралды.

Көрменің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы майдан газеттеріне арналды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование