KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888342
2019 жылы:  22057
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2010

 Science Classic АААS

            Science – Ғылымның дамуына көмек көрсетудің америкалық ассоциациясының (ААОРВ) академиялық журналы. Әлемдегі беделді ғылыми журналдардың бірі болып табылады.
Журнал рецензияланады, апта сайын шығады, басылымның шамамен 130000 жазылушысы бар. Оның оқырмандарының саны бір миллион адам деп есептеледі.
Ағылшын тілінде шығады. Негізгі базасы  Вашингтонда (Колумбия округы, АҚШ) және Кембриджде (Англия) орналасқан.
           Science Classic журналына (1880 және 1996 жылдар аралығы) анатомия, антропология, биохимия, ботаника, экология, генетика, медицина, психология, астрономия, химия, математика, физика, компьютер ғылымдары, мұхиттану, экономика, білім беру, тарих, әлеуметтану және басқа да ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу мақалалары, жаңалықтар мен түсініктер енгізілген.      
        Журналдың негізгі бағыты – бірегей, маңызды ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-зерттеулік шолуларды жариялау. Сонымен қатар «Science» ғалымдардың және ғылыми жетістіктер мен технологияларды ендіру мәселелерімен айналысып жүрген басқа да жеке тұлғалардың қызығушылығын тудыратын ғылым жаңалықтарын, ғылыми саясатқа және басқа да мәселелерге қатысты пікірлерді жариялап отырады. Көптеген ғылыми журналдар ғылымның нақты саласына арналса, «Science» журналы соңғы онжылдықтарда биотехнология мен генетиканың маңызы арта түскендіктен биология мен тіршілік туралы ғылымдарға ерекше көңіл бөле отырып, барлық ғылыми пәндерді қамтиды. 
Сайттың мекен-жайы: http://www.sciencemag.org/
         
          Қолжетімділік Электрондық басылымдар залында (1 қабат), Мұнай-газ ақпараттық ресурстары залында (1 қабат), Диссертация залы (2 қабат) мен Ақпараттық даму орталығында (3 қабат) ұсынылады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование