KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065813
2019 жылы:  131348
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.05.2010

2010 жылдың 6 мамырында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Великие битвы Великой Отечественной войны» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторлары – Мұхтар Назарбаев және Валерий Слиденко.

«Великие битвы Великой Отечественной войны» кітабы Кеңес халқының Ұлы Отан соғысында фашистік Германия мен оның одақтастарын жеңуінің 65 жылдығына арналады.

Кітап Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, майданда,  тылда және партизан қозғалысында ерлік көрсеткендерге, ұлы Жеңістің маршалдарына, генералдарына, адмиралдарына, офицерлері мен жауынгерлеріне, матростарына, сондай-ақ тылдағы еңбеккерлердің Жеңіске қосқан үлесіне арналған.

Алматы қаласының және Қазақстан Республикасының «Боевое братство» одағы Ұлттық кітапханаға аталмыш басылымның 150 данасын тарту етті.

Осыдан екі жыл бұрын кітапханаға Ауған соғысына қатысушылар 1979-1989 жылдар аралығында Ауған соғысында қаза тапқан, тағдырлары Алматы қаласымен және Алматы облысымен азды-көпті байланысты болған 117 жауынгерге арналған «О павших в Афганистане» атты кітапты сыйға тартқан болатын.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование