KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888226
2019 жылы:  21941
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.05.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2010 жылдың 21 мамырында  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесіп Қ. Қожықовтың 130 жылдығына арналған «Қоңырқожа Қожықов – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараның мақсаты –   ағартушы-ғалым Қ.Қожықовтың қоғамдық-саяси, рухани және ғылыми қызметін бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Қазақ Ұлттық университетінің зерттеушілері, ғалымдары, тарихшылары, әдебиетшілері, мәдениет­та­нушылары, студенттері, кітапханашылары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері,  оқырмандар,  Қоңырқожа Қожықовтың немересі Сәуле Құлахметқызы Қожықова және туыстары қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде бұл шараның  осы кітапханада өткізілуінің бірнеше себептерін атап өтті: 31 - мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, сол құрбан болғандардың бірі - Алаш қайраткері Қоңырқожа Қожықовтың  130 жылдығы, және Қ.Қожықовтың ғылыми қызметкер - ориенталист ретінде ҚР Ұлттық кітапханасына қосқан мол үлесі. Қ.Қожықовтың кітапхананың сирек қорын толықтыруға ат салысып,  сирек кітаптар, қолжазбалар түсуіне ықпал еткенін  және солардың бірі ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы Қ.А.Иасауидың шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың «Хикмет Хазірет Сұлтан әл-ғарифин» құнды қолжазбасы 2003 жылы ЮНЕСКО-ның «Халық жады» бағдарламасы бойынша халықаралық тізілімге енгізілгенін, қайраткердің еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени және ғылыми өміріндегі еңбегі терең зерттеуді қажет ететінін  айтты.

Дөңгелек үстел отырысын жазушы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қойшыбай жүргізді. Тарих ғыл. докторы, проф. М.Қойгелді «Қ.Қожықовтың қызметі»; тарихшы Хазрет-Әлі Тұрсын «Қ.Қожықов - ұлттық элитаның көрнекті өкілі»; тарих ғыл. кандидаты, С.К. Рүстемов «Қ.Қожықов және Түркістандық зиялы қауым»; Қызылорда ОҒӘК директоры Н.А. Мырзамұратова «Қ.Қожықовтар әулетінің мұрасы»; ҚР Президент мұрағатының қызметкері Әбдуәлі Раушан «Қ.Қожықовқа қатысты мұрағаттық құжаттар» тақырыптарына баяндамалар жасады.

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Р.Бабалықова мен Г.Рақымжанова «Қоңырқожа Қожықов – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым» тақырыбында слайд-фильм дайындап көрсетті.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға қатысқан қонақтар мен оқырмандар көрмеге қойылған құнды сирек кітаптармен, мұрағаттық құжаттармен және т.б. мәліметтермен танысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование