KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888257
2019 жылы:  21972
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.05.2010

Жазушы әрі қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың  туғанына  80 жыл.

Қаламгердің туғанына 80 жыл толуына арнап шығарылған «Біздің Әнуар – Наш Ануар»  жинағы -  Ә.Әлімжановтың бүкіл өмірінің айнасы іспетті. Кітаптың тұсаукесері  мамыр айының 11-ші жұлдызында сағат 11-де Қазақстан Республикасының Ұлттық   кітапханасында өткізілді.

    Кітапты құрастырушы және жауапты редакторы - Әнуар Әлімжановтың жақын досы, замандасы, көп жылдар бірге қызметтес болған белгілі қазақ жазушысы Ғаббас Қабышұлы.

    Әнуар «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болған жылдарда Алматы қаласы әлем әдебиетінің ірі орталықтарының біріне айналғаны – тарихи шындық. Оның бір ғана мысалы - 1973 жылы Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясы өткізіліп, ғұлама бабамыз әл-Фарабидің 1100 жылдығы тойланғаны. Аса ауқымды осы екі шараның да ұйтқысы Әнекең болды.

    Әдебиетіміздің алыбы Мұхтар Әуезов: «Егер І Петр Еуропаға терезе тескен болса, Әнуар Азияға айқара ашты» деген екен. Ұлы ұстаз өзін 1953 жылдың сәуір айында КГБ-ның тұзағынан құтқарған шәкіртінің азаматтық, жазушылық барлық қыры ашылғанын, оның Азияға ғана емес, Еуропаға, Америкаға, Африкаға танымал тұлға, халықтар достығын және бейбітшілік туын көтерген қайраткер болғанын, дүние жүзінде атом-ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап етіп, 1989 жылы Семейде болған ғылыми конференцияда, ал 1990 жылы Англияның ядролық қарусыздану жөніндегі Ұлттық комитетінің жыл сайынғы мәжілісінде және Ұлыбритания парламентінің Қауымдар палатасында жалынды сөз сөйлегенін  көріп үлгермеді...

    Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Әнуар Әлімжановтың 80 жылдық мерейтойына арнап «Жазушы-азамат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оған қазақтың тұңғыш халықаралық жазушысы ретінде танылған Әнуар Әлімжановтың творчестволық және қоғамдық істерін көрсететін 322 басылым қойылды.

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование