KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888268
2019 жылы:  21983
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.05.2010

ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 13 мамыр күні С.Бөкейхановтың «Город мой Алматы» және «Имена наших улиц от А до Я» кітаптарының тұсаукесері.

«Город мой Алматы» кітабы Алматы қаласының тарихына, оның алғашқы жылдарындағы өркендеуіне үлес қосқан адамдарға арналған. Кітаптың авторы Алматыда дүниеге келіп, өмірінің басым бөлігін осында өткізген. Кітапта соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың естелігі, қаланың көрікті жерлері, автордың өзі куә болған оқиғалар келтірілген. Кітапта баяндалған оқиғалар Верный қаласының құрылуынан бастап өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейінгі кезеңдерді қамтыған. Ескі қала тұрмысын бейнелейтін суреттер берілген. Кітапта ескі қаладағы ғимараттардың фотосуреттері бар.

Тұсаукесерге ұсынылып отырған екінші кітап та Алматыға арналған. Онда автор есімдері қала көшелеріне берілген  тұлғалар жайында баяндайды. Қаланың көптеген көшелерінің атаулары ауысқан. Автор көшенің жаңа атаулары туралы айта отырып, осы көшелерде болып өткен оқиғалар немесе көшеге есімдері берілген тұлғаларға байланысты  түсініктер берген. Қаланың соңғы он жылда көлемі жағынан айтарлықтай ұлғаюы себепті көптеген көше атаулары байырғы тұрғындардың өздеріне де бейтаныс. Әрине, кітапта барлық көше атаулары қамтылмаған, себебі олар жыл сайын өзгеріп жатады. Дей тұрғанмен кітапта қала көшелерінің басым көпшілігі туралы айтылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование