KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065919
2019 жылы:  131454
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2010

ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 26 мамыр күні «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйінің демеушілігімен басылып шыққан 8 жаңа оқулықты Ұлттық кітапханаға және 52 жоғары оқу орындары кітапханаларына салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Ұйымдастырушылар:  ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, ҚР Ұлттық кітапханасы.

«ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі жоғары оқу орындарына арналған оқулық шығару ісіне демеушілік көмек ретінде 5 000 000 тенге бөлді. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының баспа орталығы Н.М.Махметжановтың «Жоғары математика есептерінің жинағы», З.М.Рақымбекованың «Материалдар механикасының есептер жинағы», Г.Ж.Уалиханованың «Өсімдік биотехнологиясы», К.Б.Олжабекова мен Б.Е.Есжановтың «Омыртқалылар зоологиясы» 1-2 томы, Д.Ұ.Смағұловтың «Металлография», Т.Т.Омаров пен М.Р.Танашеваның «Бейорганикалық химия» сияқты бірнеше оқулықтарды жарыққа шығарды.

ҚР Ұлттық кітапханасына және жоғары оқу орындарының кітапханаларына оқулықтарды салтанатты тапсыру рәсіміне оқулық авторлары, университет ректорлары мен проректорлары, кітапхана директорлары, «ҚазМұнайГаз» сауда үйінің өкілдері және журналистер қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование