KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888350
2019 жылы:  22065
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.06.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Менің әкем – Абайділда Сыздықұлы Дәулетбаев» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап «Өндіріс генералы» атанған Абайділда Дәулетбаев туралы.

Ол Ташкенттегі Орта Азия политехникалық институтының түлегі, инженер. Еңбек жолын Қызылордадағы машина жөндеу зауытында қарапайым жұмысшы болып бастаған Абайділда Дәулетбаев табандылығымен танылып, еңбекқорлығымен елге үлгі болған азамат. Сыр өңіріндегі екі бірдей зауытты басқарып қана қоймай, сол өндіріс орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, жұмысшыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын да жақсарта білген басшы.

Оның Жатка машинасын модернизациялау жолында рационализаторлық жаңалықтар ашқаны үшін КСРО Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік Комитеті жанындағы Өнертапқыштық пен жаңалықтар ашу жөніндегі мемлекеттік комитеті берген бірнеше авторлық күәліктері бар.

Ол басқарған зауытта кезінде ел басшылары Д.А.Қонаев, Н.Ә.Назарбаевтар болып,  оның жұмысын лайықты бағалаған.

А.Дәулетбаев «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Тұсаукесерге оның ізбасарлары, достары мен туған-туысқандары қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование