KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888353
2019 жылы:  22068
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.05.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы С.Қожанов атындағы қайырымдылық қорымен бірлесіп қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, ағартушы-ұстаз Сұлтанбек Қожанұлының (1894-1938)  толық шығармалар жинағының тұсаукесерін өткізді. Жинақ «Алаш мұрасы» сериясымен «Арыс» баспасынан жарық көрген. Бұл шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілді.

Шараның мақсатыС.Қожановтың қоғамдық-саяси, мәдени және ғылыми қызметін бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Жинақты құрастырушы  белгілі ғалым профессор Амантай Шәріп.

С.Қожановтың бұл шығармалар жинағына әр жылдары жазылған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту тақырыбындағы мақалалары, өлеңдері мен аудармалары толығымен енгізіліп отыр.

Қазақтың біртуар азаматы Сұлтанбек Қожановтың жазба мұрасы осы кітапта тұңғыш рет топтастырылған. Ол өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында қазақтың баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Өзі басшылық жасаған «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттерінде және «Еңбекші қазақ», «Тілші», «Қызыл Қазақстан», «Лениншіл жас», «Шолпан», «Сана», «Жас қайрат», т.б. басылымдардың беттерінде мақалалары, өлеңдері, аудармалары жиі жарық көріп тұрған. Сондай-ақ, кітапта қайраткер-қаламгердің эстетикалық талғамы мен түсініктері жайында бұрын мәлім бола қоймаған деректер бар. Автордың орыс тілінде жазылған еңбектерінің қатарында Өзбекстандағы «Правда Востока» газетінде басылған мақалаларымен бірге «К 10-летию Советской автономии Туркестана» атты саяси зерттеу еңбегі де бар. Ал 1937 жылғы Лубянкадағы тергеу ісінің хаттамасы, соңғы сөздері белгілі Ресей саясаткері, тарихшы Александр Николаевич Яковлевтің жеке мұрағатынан алынып, оның мәтіні түпнұсқа бойынша  өзгертусіз беріліп отыр.

Тұсаукесерді профессор Әшірбек Сығай жүргізіп отырды. Оған академик Т.Кәкішев, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Қойшыбай, жазушы, драматург Д.Исабеков, т.б. қатысып, кітап туралы ойларын ортаға салды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Сұлтанбек Қожановқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование