KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065877
2019 жылы:  131412
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2010

Құрметті әріптестер! Қуанышты хабар!

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы кабылданды. 

Онда басылымның міндетті тегін данасы туралы толықтырулар енгізілді. Заңның 1-бабының 1-тармақшасына сәйкес республика Ұлттық кітапханалары барлық басылымдардың міндетті данасын тегін алатын болады.

          Қазақстан кітапханаларының қызметіне  қатысты т.б. толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:

  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру  туралы,
  • ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру  жөнінде,
  • мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау  жөнінде,
  • қоры тек қана электронды кітапхана пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы,
  • кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылатын туралы,
  • мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударатыны жөнінде.

-1-бап: 1) тармақша;

-6-бап: 11),13) тармақшалар;

-7-бап: 3), 9-1), 33), 34) тармақшалар;

-8-бап:  10-1), 14) тармақшалар;

-9-бап: 9) тармақша;

-20-1 бап, 1, 2, 3 тармақтар;

-21-бап: 1, 2, 2-1 тармақтар;

-24-бап: 2, 2-1, 2-2, 3, 4, 5 тармақтар.

Қараңыз: www.kazpravda.kz, wap.kazpravda.kz, pda.kazpravda.kz; Егемен Қазақстан. - 2010. - 3 маусым. - 5 б.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование