KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 11 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909584
2019 жылы:  43299
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.07.2010

2010 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасында   Қазақстан Республикасы  Президентінің 70 жылдық мерейтойына  арналған    «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесі  ашылды.   Көрме аясында Н.Назарбаев туралы деректер базасы  негізінле жасалған осы аттас электрондық кітапхананың және  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы ақшамы»  газеті шығарған «Елбасы. Тәуелсіздік. Алматы» кітабының тұсаукесері өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесін Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов ашты. Ол көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің экономикалық жағынан тәуелсіз егемен   Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құруда сіңірген еңбектерін көрсету екенін  айтты.

7 негізгі бөлімнен тұратын көрмеге қазақ, орыс тілдеріндегі және шет тілдердегі 1000-нан астам басылым қойылып отыр.  Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.

«Менің Қазақстаным» атты бірінші бөлім егемен Қазақстанға арналған. Мұндағы құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды  суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде  – энциклопедиялар, альбомдар, кітаптар бар.

Екінші бөлім  «Н.Назарбаевтың еңбектері» деп аталады. Мұнда Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары бар. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Евразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Қалың елім қазағым» және т.б. кітаптары қойылған.

Келесі бөлім «Өмірі мен қызметі» деп аталады. Мұнда өмірбаяны, оқыған жылдары мен еңбек жолының басталуы, ҚР Президентін сайлау және ұлықтау, халықаралық наградалар мен құрметті атақтары туралы әдебиеттер бар.

Бұдан әрі «Мемлекет және Президент» бөлімінде президенттік билік пен мемлекеттік басқару, заңдық-құқықтық саясат, Конституция туралы әдебиеттер көрсетілген.

«Ішкі саясат» бөлімінде Елбасының әлеуметтік-экономикалық саясаты,   оның  «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасы және Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларымен,   Қазақстан өңірлеріне жасаған жұмыс сапарлары, Астана қаласын дамыту туралы материалдармен, сондай-ақ елімізде тұратын ұлттар өкілдері мен этностық топтардың жарасымды достығы мен ынтымақтастығы жөнінде жүргізіп отырған саясаты, Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы   материалдармен танысуға болады.

«Сыртқы саясат» бөлімінде таяу және алыс шетелдермен халықаралық қатынастар, халықаралық Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Еуроазиялық Одаққа қатысу, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі   туралы материалдар ерекше орын алады.

Қорытынды бөлімде Президенттің ҚР Ұлттық кітапханасында болғаны туралы материалдар және ҚРҰК-ның басылымдары  берілген.

Көрме аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы ақшамы»  газеті шығарған «Елбасы. Тәуелсіздік. Алматы» кітабының тұсаукесері өтті. Жобаның авторы - «Алматы ақшамы»  газетінің бас редакторы, Президент сыйлығының, «Құрмет» орденінің  иегері, мәдениет қайраткері Қали Сәрсенбай. Кітапта  Қазақстан Республикасының    қалыптасуы мен дамуының, Алматы мен Астана қалаларының елмен бірге өткен қиын да күрделі жолдарына талдау жасалады. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы ерекше орны көрініс тапқан, елдің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың беделі мен рөлі көрсетілген. Алматының даму жолдарына көп көңіл бөлінген.

Сондай-ақ көрме аясында Н.Назарбаев туралы 1993 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан деректер  базасы негізінде  жасалған «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты электрондық кітапхананың  тұсаукесері өтті. Жыл сайын баспасөздегі жаңа ақпаратпен толықтырылып отыратын   деректер  базасына Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайында  16 620 библиографиялық жазба  кірген:  қазақ тіліндегісі  – 7 011, орыс тіліндегісі  – 8 304, шет тілдердегісі  -  1 305 жазба. 2010 жылдан бастап электрондық кітапхана қалыптастыру, яғни библиографиялық деректердің толық мәтінімен жарақтандыру жұмысы басталды. Бұл  оқырмандардың  құжаттардың электрондық көшірмелерін пайдалануына жол ашады.

Іс-шараларға Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы К.Матыжанов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Ш. Беркімбаева,  Философия және саясаттану институтының директоры Ә.Нысанбаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры С.Мәжитов, Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі, бригада генералы Салим Кемар Бат, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Делавар Мұхаммед Пур және басқалар қатысты. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование