KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888309
2019 жылы:  22024
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қыркүйек айының 17 - жұлдызында Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдығына арналған көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды.

Жазушылар Одағының 75 жылдығы халқымыздың мәдени өмірінде ерекше орын алады. Жазушылар Одағы тарихи-мәдени құндылықтарымызды байытуға, ана тіліміздің, ұлттық қадыр-қасиеттеріміздің сақталуына, бірлік-берекеміздің нығая түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қалың оқырман қауымына осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Қазақстан Жазушылар Одағына – 75 жыл» атты кең ауқымды кітап көрмесін ұсынып отыр.

Көрме 10 бөлімге сараланған.                                                                      

    Бірінші бөлім «Жазушылар Одағының шежіресі» деп аталады. Бұл бөлім Қазақстан Жазушылар Одағының қиын да күрделі кезеңдерін, тұған әдебиетіміздің өсу жолдарын, дамуына үнемі септігін, шапағатын тигізген шығарашылық одақтың тарихы, басып өткен одақтың тарихын көрсетеді.

    Екінші бөлім «Арыстар мен Алыптарға» арналған. Абай, Жамбылдан басталған Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Бейімбет шығармалары бүгінде халықтың аса құнды игілігіне айналған.

    «Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағалары» бөлімін Сәкен Сейфулиннен бастап Нұрлан Оразалинге дейінгі қасиетті қара шаңырақты әр жылдары басқарып, барлық күш-жігерін, ұйымдастырушылық қабілетін туған әдебиетіміздің өсіп-өркендеуі жолына сарқа жұмсаған тұлғалардың шығармалары қойылған.

    «Қазақстанның Халық жазушылары» бөліміне 38 Халық жазушысының шығармалары топтастырылған.

    «Әдебиет – жан дауасы» бөлімінен қазақ көркем сөзінің құдіретін бүкіл әлемге паш еткен, қазақ әдебиетінің тот баспас жауhарларына айналған дарынды жазушыларымыздың кітаптары лайықты орнын алған

    «Өлең – сөздің патшасы» бөліміне арқалы ақындарымыздың халқымыздың рухын асқақтатып, ел мақтанышына айналған «Алтын дәүір» әдебиетінің киелі дүниелері қойылды.

    «Ғылыми зерттеулер айдынынан» көркем әдебиетіміздің кемелдене түсуіне өзіндік үлес қосқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының топтамасымен танысуға болады.

    «Әлем әдебиеті қазақ тілінде» бөліміне «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар қойлған.

    «Одақтың басылымдары» бөлімінен «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» және «Простор» журналдарының алғашқы нөмірлерімен және мыңыншы нөмірлерімен танысуға болады.

     «Қазақстан Жазушылар Одағы және ҚР Ұлттық кітапханасы». Бұл бөлімге әр  жылдарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан жазушыларының шығармаларына, мерейтойларына арнап шығарған библиографиялық көрсеткіштер, сонымен қатар бірлесіп өткізген іс-шаралардың материалдары, суреттері қойылған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование