KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888338
2019 жылы:  22053
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.10.2010

ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 5 қазанында «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының мәселелері» тақырыбында республикалық конференция-көрме өтті. Мақсаты – республиканың сирек қорларында сақтаулы жазба мұраны анықтау, зерттеу және оларды өзара байланыс арқылы жүйелі түрде оқырманға ұсыну.

Конференция-көрмеге қатысушылар Қазақстан кітапханаларындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының қазіргі жағдайы мен толықтырылуы, қалпына келтірілуі, сақталуы, Қазақстанның жазба мұраларын анықтау және зерттеу, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының бірыңғай электрондық мұрағатын құру мен жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелерін талқылады.

Конференция-көрмеге қатысушылар назарына ҚР Ұлттық кітапханасының, Республи­калық кітап мұражайының, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті кітапханасының, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының (ары қарай ОӘҒК), М.Жұмабаев атындағы Ақмола ОӘҒК, Ғ.Сланов атындағы Атырау ОӘҒК, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл ОӘҒК, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ОӘҒК, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда ОӘҒК, Ғ.С.Торайғыров атындағы Павлодар БОӘҒК, А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан ОӘҒК, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорларынан 400-ден аса құжаттан ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылды.

      Конференция-көрмеге кітапхана, мұражай қызметкерлері және ғалымдар қатысты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование