KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888409
2019 жылы:  22124
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.10.2010

2010 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ірі ғалым Жасан Зекейұлы туралы жазылған «Шығыс-Тибет шипагері – Жасан Зекейұлы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Төрт бөлімнен тұратын кітапта даңқты дәрігер, білікті ғалымның өмірбаяны, ем мен емшінің ерекше қасиеттері,  өнер, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық салаларында БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттары,  ел, жер, тіл, ұлт мәселелерін көтерген мақалалары, ел ағаларының шипагер туралы айтқан құнды пікірлері, «Жас-Ай» медициналық орталығына келіп, ауруынан құлан таза айығып шыққан науқастардың риясыз алғыстары, Шығыс-Тибет емінің құпия сырлары туралы жазылған.

Жасан Зекейұлы – Қазақстанға Шығыс-Тибет медицинасын алғаш таныстырған ғалым, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена халықаралық университетінің құрметті профессоры, Халықаралық Ғылым академиясы мен Халықаралық Ресей Шығармашылық академиясының академигі, «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, «Жас-Ай» журналының бас редакторы, медицина ғылымынан екі патенттің иегері, 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Халық арасында «Алтын қолды дәрігер» атанған Жасан Зекейұлы «Жас-Ай» медициналық орталығын басқаратын білікті басшы ғана емес, білгенін жұртынан аямайтын жомарт жан.

Кітаптың тұсаукесеріне сенатор Ғарифолла Есім, жазушы Қабдеш Жумаділов, белгілі қоғам қайраткерлері,  өнер адамдары, автордың ізбасарлары, достары мен туған-туыстары қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование