KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888397
2019 жылы:  22112
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.09.2010

   ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов, ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының I-орынбасары Г.Қ.Балабекова, Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаева және Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі А.Б.Рақышева 2010 жылғы 21-23 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында (Ресей) өткен Халықаралық библиографиялық конгрестің жұмысына қатысты. 

  Халықаралық библиографиялық конгресті Ресей ұлттық кітапханасының Бас директоры В.Н.Зайцев салтанатты түрде ашты. Конгрестің ашылуына Санкт – Петербург мәдениет комитетінің төрағасы А.Н.Губанков, РФ Мәдениет министрлігінің Мәдени мұра және бейнелеу өнері департаменті директорының орынбасары, Кітапханалар және мұрағаттар бөлімінің бастығы Т.Л.Манилова, Қазақстан Республикасының Санкт – Петербург қаласындағы Бас консулы Ж.К.Кеншимов қатысты.

   ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов конгрестің ашылуында құттықтау сөз сөйледі.

   ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының I-орынбасары Г.Қ.Балабекова дайындаған «Қазақстанның ретроспективті ұлттық библиографиясының жай-күйі»  туралы баяндаманы Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі А.Б.Рақышева жасады. Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаева «Ақпараттық-библиографиялық ресурстың қалыптасуы және оны оқырмандарға қызмет көрсету барысында пайдалану» тақырыбында баяндама жасады.

                                                                                     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование