Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2010 жылғы 23 қыркүйекте Ресей Ұлттық кітапханасында (Санкт-Петербург қаласы, Ресей) Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» («Культурное наследие») Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптардың тұсаукесерін өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов «Мәдени мұра» («Культурное наследие») мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың көрмесін Ресей Ұлттық кітапханасының оқырмандарына және Санкт-Петербург қаласында 2010 жылы 21-23 қыркүйекте өткен Халықаралық библиографиялық конгресс қонақтарына салтанатты түрде таныстырды. Кітаптар топтамасы (262 дана) «Ресей Ұлттық кітапханасының қорларындағы Қазақстанның құжаттамалық жады» жобасы бойынша Ресей Ұлттық кітапханасымен жасалған шарт аясында Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар 276 құжаттың көшірмелеріне айырбастау жолымен Ресейдің Ұлттық кітапханасына берілді.
Көрмеге жүздеген жылдар бойы халық жадынан өшпей сақталып келген қазақ халқының аса бай ауыз әдебиеті жауһарларының 100 томдық «Бабалар сөзі» фольклорлық әдеби мұрасының жинағы қойылды.
Қазақстан тарихына қатысты «История Казахстана в русских источниках», «История Казахстана в персидских источниках», «История Казахстана в западных источниках», «Қазақстан тарихы моңғол деректемелерінде» және басқа да басылымдар кең қамтылған. «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және басқа да сериялық кітаптардың ерекше ықылас туғызары сөзсіз.
Осынау шара қазақ халқының бірегей ұлттық мәдениетін, рухани дамуы мен білім көкжиегін, мәдени мұраны сақтап, тиімді пайдалау саласындағы жетістіктерін көпшілікке таныстыруды көздейді.
Кітаптар Ресей Ұлттық кітапханасына Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Ж.Кеншимовтың жәрдемдесуімен жеткізілді. |