KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888259
2019 жылы:  21974
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.11.2010

Ахмет Байтұрсынұлы  атындағы қоғамдық қор жанындағы мұражай үйі және ҚР Ұлттық кітапханасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын насихаттау жөніндегі кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» тұралы 2010 жылы 19 қазандағы № 237 шартқа сәйкес 2010 жылдың 10 қарашасында Ұлттық кітапханада «Ұлт ұстазы мұрасының насихатталуы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахұлы кіріспе сөзбен ашты.

Дөңгелек үстелді  «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Ж.Кенжалин жүргізді. Ғалым мұрасын насихаттаудағы игі шаралардың бірі – кітап бастыру ісі болғандықтан, 2010 жылғы жинақтардың тұсаукесері де бүгінгі дөңгелек үстелдің өзекті мәселесі болды.

«Ұлағатты ұлт ұстазы» атты анықтамалық-көрсеткішке материалдардың іріктелуі мен кітаптың құрылымы жөнінде Қоғамдық қордың атқарушы директоры Р.Имаханбетова баяндама жасады.

Бұдан кейін «Ғасыр саңлағы: А.Байтұрсынұлының шығармашылық өмірбаяны» атты монографиялық кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітап ұлы ғалымның шығармашылық өмірбаянына арналған. Зерттеу еңбектің басты жаңалығы –  мұнда алғаш рет ХХ ғасырдың көрнекті реформатор-ғалымының шығармашылық мұрасы тұтас қарастырылып, бір жүйеге келтірілген.

Кітап туралы пікір білдірген академик, монографияның жауапты редакторы Т.Кәкішев, және профессор, ф,ғ.д., А.Ісімақова,  Ө.Әбдиманов т. б. еңбектің құндылығына тоқталды.

Ал «Яркий носитель духа человечности» кітабы –  А.Байтұрсынов өлеңдерінің орыс тіліне аудармасы және ол туралы ойлар – Алматы: «Зергер Ильяс», 2010.-40 б., Авторы: М.-Х.Сулейманов. Кітап алғаш рет 1997 жылы жарық көрген. Бұл еңбек ағартушының халық жүрегіне жақын ең таңдаулы өлеңдерін, әдеби мұрасын орыс тілді оқырмандардың терең тануына зор ықпал етті. Аударылған шығармалар олардың зерттеу нысанына айналды. Кейінгі басылым автордың ұрпағы Ілияс Мұхамет-Халелұлының өңдеуімен жарық көрді.

Бұл кітап тұралы философтар М.Сәбитов, А.Гаркавец және т.б.пікір айтты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование