19 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында «Н.Келімбетов-жазушы, түрколог-ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел және оның «Үміт үзгім келмейді», «Түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлері» кітаптарының түрік, қытай, неміс тілдеріндегі жаңа басылымдарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахұлы кіріспе сөзбен ашты.
Жазушы Смағұл Елубай дөңгелек үстел мен тұсаукесер рәсіміне қатысушыларды Н.Келімбетовтың шығармашылығымен қысқаша таныстырды.
Кітап туралы пікір білдірген Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, «Үміт үзгім келмейді», «Түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлері» кітаптарын түрік тіліне аударған Ыстамбұл көркемөнер университетінің оқытушысы, тарих ғылымының докторы Абдулвахап Қара, «Үміт үзгім келмейді» эссе-монологы бойынша қытай, араб тілдерінде «Ұлттар баспасынан» басылып шыққан кітаптардың жетекші редакторы Айқын Әбиден, филология ғылымының докторы, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Қасқабасов Сейіт Асқарұлы және т.б. бұл туындылардың қазақ әдебиетінің тарихына жаңа леп әкелген дүниелер екендігіне тоқтасып, қайсар жазушы-ғалымға шығармашылық табыс тіледі. |