2010 жылғы 23-24 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Алматыдағы Кластер бюросымен және Ұлттық кітапханамен бірлесіп Орталық Азия елдерінің ұлттық кітапханаларының қызметкерлері үшін ақпарат алу жолын үйрететін семинар-тренинг өткізді.
Бұл семинар Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы 5 мамырда мақұлдаған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы іс-қимылдардың ұлттық жоспарының нұсқауларын орындау үшін Астана қаласында өткелі отырған ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында өткізілді.
Курсты ЮНЕСКОНЫҢ Алматыдағы Кластер бюросы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп, Азия-Тынық мұхит Хабар Таратуды Дамыту Институтының әдістемелері және Қазақстан медиа жаттықтырушыларының тәжірибесі негізінде әзірлеген. Тренинг ЮНЕСКОНЫҢ Орталық Азияда ақпарат алу жолын жеңілдету және оны тарату жөніндегі жобасын іске асыру аясында өтті.
Семинар-тренингтің міндеттері: кітапхана мамандарының азаматтардың ақпарат алуын жақсартуға бағдарланған Орталық Азия командасын құру; жаттықтырушы жұмысының негіздері бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру; қатысушыларды бағдарлама жазуға үйрету, мемлекеттік органдар дайындайтын және кітапханаларда азаматтардың талап-тілегі бойынша ақпаратты халықтың алуына жәрдемдесу мақсатымен интерактивті оқыту болды.
|