KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888365
2019 жылы:  22080
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2010

Баспасөз хабарламасы

Алматы қаласы                                                                           2010 жыл,  қараша-желтоқсан

ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы, 14                            сағ. 9.00 – 19.00

2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында өткізілетін,  бүкіл әлем назарын тігіп отырған ЕҚЫҰ-ның саммиті қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасы «Еуропаға жол - өркениетке жол» және ««Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»  атты кітап көрмелерін  оқырмандар мен қалың көпшіліктің назарына ұсынып отыр.

«Европаға жол - өркениетке жол» атты көрмеге  ЕҚЫҰ-на мүше 56 ел мен Еуропаның басқа да мемлекеттерінің тарихы, мәдениеті, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беретін  әлемнің 114 тілінде 5 000-нан астам кітаптар мен құжаттар қойылды. Еуропаның ғылыми – техникалық және гуманитарлық ақыл-ой қазынасынан мағлұмат беретін бұл құжаттар түрлі саланың мамандары мен ғалымдарының, жоғары оқу орындары студенттерінің  ғылыми жұмыстары мен ізденістеріне көмек болатын қосымша ақпарат. 

Көрменің ауқымды бөлімі Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на  төрағалық ету мерзімінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін жан-жақты көрсетуге, оның сындарлы саясатына арналған.

«Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты көрмеге Елбасының еңбектері,  өмірі мен қызметіне арналған отандық және шетелдік басылымдар қойылды. Көрме  кітапхананың Президенттің өмірі мен қызметіне арнаған 16 мыңнан астам библиографиялық жазбалары бар электронды дерекқоры негізінде ұйымдастырылды.

Елбасының өмірі мен саяси қызметіне арналған бұл көрме – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарының ерекше шежіресі. Мұндағы құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзімде жүріп өткен жолын, сол аралықтағы тарихи оқиғалардан, Елбасының салиқалы жүргізген сыртқы саясаты мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдеткен стратегиялық бағдарламаларынан сыр шертеді.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда Еуропаның жетекші елдерімен тең құқылы серіктестікке ұмтылған саясатына қызығушылық білдірген көпшілік оқырмандарды көрмені тамашалауға шақырамыз.

Байланыс тел.: 267 28 48, 267 28 66                                                                

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование