KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066250
2019 жылы:  131785
бүгiн:  159
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2010

24 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы және М-Х Дулати қоғамдық қоры даңқты қолбасшы, Кеңестер Одағының Батыры, көрнекті жазушы, ұлтын сүйген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай оның «Қанмен жазылған кітабына» арналған дөңгелек үстел өтті.

Кітапты аударған белгілі зерттеуші, М-Х Дулати қоғамдық қорының директоры Мұхтар Қазыбек.

Дөңгелек үстелді Ұлттық кітапхананың редакциялық-аударма қызметінің жетекшісі, Қазақстанның құрметті журналисі Ғазизбек Тәшімбай жүргізді.

Бұл іс-шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі Әбсаттар Дербісәлі, полковник Исақ Іңкәрбаев, құрылық әскерлері әскери институтынан подполковник Еркін Әділбеков, есімі елге танымал ұлтжанды азамат, дәрігер Мүсілім Дайырбеков, психология және пегагогика ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Жарықбаев, физика-математика ғылымдарының докторы Сәдуақас Ерманов, философия ғылымдарының докторы Жақан Молдабеков, Баукең тұралы қызықты естеліктер, әсерлі әңгімелер айтып, «Қанмен жазылған кітаптың» ерекшіліктеріне тоқталды. Мыңбай Рәш бастаған ақындар өлең оқыды.

Ұлттық кітапхана қызметкерлері Бауыржан Момышұлы жайында жазылған «Ақиқат пен аңыз» кітабынан театрландырылған шағын үзінділер көрсетті.

Жиынға Баукенің замандастары – қоғам қайраткерлері, әскери қызметкерлер, оқырман қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Пікір айтқандар бұл кітапты қазақ тіліне аударған зерттеуші Мұхтар Қазыбектің еңбегін ерекше атап өтіп, ғылыми атақ беруге татитын еңбек деген ой айтты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование