KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888248
2019 жылы:  21963
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.11.2010

26 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында  Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановтың зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабылықұлымен сыр-сұхбаттан тұратын халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

Республикалық «Дәстүр» баспасынан шыққан  «Этнографпен әңгіме» кітабында аса көрнекті этнограф, зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабалықұлының өміріне қатысты және халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, көне сөздері, ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері және т.б. деректер жан-жақты қамтылған.

«Өлке» баспасынан шыққан «Салты мықтының – халқы мықты» кітабының екінші басылымында автор осы сыр-сұхбатты бірнеше бөлімдер мен тарауларға бөліп оқырманға барынша ықшамдап ұсынған. Тілі жеңіл, мазмұны бай, деректері мол кітап халқымыздың дәстүрлерін, ата-салтын насихаттайды.

Тұсаукесерде аталмыш кітаптар жайлы баяндаманы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов, ал қосымша баяндаманы Шешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Къоман сий» орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбек жасады.

Тұсаукесерге филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, демограф-ғалым Мақаш Тәтімов, Жағда Бабалықұлы атындағы қазақтану орталығы директорының орынбасары Баян Ахметова, жазушы-журналистер Зәкір Асабаев, Уақап Қыдырханұлы және т.б. кітаптар жайында ой қозғап, пікірлерін ортаға салды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование