KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888276
2019 жылы:  21991
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.11.2010

29 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлының жарық көрген үш кітабының тұсаукесерін өткізді. 

«Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті»  атты көлемді монографиясы көп жылдық еңбегінің жемісі. Монография екі кітаптан тұрады. Бірінші кітап Шыңғыс ханның шыққан тегі мен саяси өмірбаянына арналды. 

«Көзқарас (ұлт, тарих және адамдар тағдыры жайында)» деген атпен 2010 жылы басылып шықты. Автордың жинаққа енген еңбектерінде ұлт, ел тағдыры және отандық тарихымызға қатысты кейбір өткір мәселелер көтерілген.

«Көшпенділік ғұмыр» деп аталатын өмірзая эссесі атты еңбекте автордың тек өз өмірбаяны емес, өмірінде көрген, білген, естіген, өз басынан кешірген қызықты да естен қалғысыз сәттері жайлы ой үзіктері берілген. Мұнда негізінен туған жер, көз көрген адамдары, олардың тағдыры туралы баяндалған.

З.Қинаятұлы еңбектері тарихи шынайы дерек көздеріне негізделген, ойы жаңа әрі орамды, тілі жатық болғандықтан оқушы көпшіліктің көңілінен шығады  деп сенеміз.

Тұсаукесерді кіріспе сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов  ашты.

Тұсаукесерді Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., профессор С.Ф. Мәжитов жүргізді.

Осы институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Зардыхан Қинаятұлы кітаптарының жазылу тарихына тоқталды.

Кітап  жайында дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары – Т.Мамашев,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары т.ғ.к. Қ.Ерімбетова т.б. пікір айтты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование