KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065901
2019 жылы:  131436
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.12.2010

   10 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Жоғары оқу орындары, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі және «Генералдар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ұлттық кітапхананың конференц залында «Қазақтың Ұлы қолбасшылары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

   Конференцияның негізгі мақсаты – қазақтың қолбасшылық өнерін кеңінен таныстыру, қазақ батырларының ерен ерлігін ұлықтау, жастарды отан сүйгіштікке, батылдық рухта тәрбиелеуге  үлес қосу.

  Конференцияны Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р. Алшанов, Республикалық қоғамдық бірлестік «Генералдар кеңесінің» төрағасы, әділет генерал-майоры Р.Қайдаров, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генералы Т. Әубәкіров құттықтау сөзбен ашты.

   Конференцияда қазақ қолбасшылары жайлы баяндама жасалды және «Алғадай» батыр қолбасшы, батыр генерал» атты батыр болған қазақтың ержүрек ұлдары жайындағы кітаптың тұсаукесері өтті.

   Конференцияға Қазақстан Републикасының Қорғаныс министрлігі, ҚР Әскери институттарының басшылығы мен курсанттары, Б. Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп, ҚР жоғары оқу орындарының басшылары, профессор-оқытушылары мен студенттері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі, Халық қаһарманы Б.Ертаев, Б.Баекенов, А.Абрахманов, А.Есенқұлов,  ҚР  Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант А.Тасболатов т.б. барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование