KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888285
2019 жылы:  22000
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2010

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы 20-желтоқсан күні академик Ажес Петрұлы Сейтешовтың 30 томдық  таңдаулы педагогикалық шығармаларының тұсаукесерін өткізді.

  Академик А.П.Сейтешов өзінің еңбектерінде қазіргі педагогика ғылымының заңдылығын және Қазақстан жастарының рухани даму жолының қалыптасуын сөз етеді.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шешіміне сәйкес шығарылған А.П.Сейтешовтың  30-томдық таңдаулы педагогикалық шығармалары оның 1959-2009 жылдардағы ғылыми-педагогикалық зерттеу материалдарын қамтиды.

   Оның таңдаулы педагогикалық шығармалары кәсіптік педагогика мен психологияның,  жалпы педагогиканың дамып келе жатқан тармақтарын зерттеуге арналған маңызды бөлігі қазіргі кәсіптік білімнің дамуына, профессор-мамандардың ғылыми негіздерінің қалыптасуын жетілдіруге, ұлттық кадрларды даярлауда ықпалдастық пен сарабдалдықтың ортақ мәселесін шешуге бағытталған.

  А.П.Сейтешов – кәсіптік педагогиканың негізін қалаушы, КСРО  Педагогикалық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, РҒА-ның құрметті мүшесі, Бүкіләлемдік кәсіптік білім Ассоциациясының толық мүшесі, профессор, РАО-ның шетелдік мүшесі, КСРО ғылымына еңбек сіңірген қайраткер,  ТМД-ның «Ұлттық кадрлар даярлаудағы ықпалдастық пен сарабдалдық» мәселесі жөніндегі  Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚМПУ-нің ғылыми кеңесшісі.

  Профессордың ғылыми мектебі бар, 48 доктор және 79 ғылым кандидатын даярлады, 40 жылдан астам философия, әлеуметтану, техника, геронтология, психология, экология, эргономика, гендік инженерия және педагогика салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады; оның 48 монографиясы, 12 оқулығы, 200 кітабы, мыңнан аса ғылыми мақалалары жарық көрді.

  Ірі ғалым-педагог Ажес Петровичтің ғылыми мұрасы ─ ХХІ ғасырдың басындағы жаңа адамның қалыптасу кезеңін айрықша бейнелейді.

  Тұсаукесерге Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Құсайынов, педагогика  ғылымдарының докторы, профессор Л. Керімов, педагогика  ғылымдарының докторы, профессор А. Қозыбайұлы,   т. б. қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование