KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888289
2019 жылы:  22004
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2010

  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  мұсылман қолжазбалары мен жәдігерлерін жинақтау, қалпына келтіру және сақтау мәселелері бойынша аймақтық кездесу болып өтті. Бұл кездесуді 2011 жылы Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалығы қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, ҚР Ұлттық кітапханасы, Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ислам ұйымы (ISESCO),  ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі  ҚР Ұлттық комиссиясы  өткізді.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ҒЫЛЫМ КомитетІ

Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ

БАСПАСӨЗ МӘЛІМЕТІ

   2010 жылы 21 желтоқсанда сағат 10.00 Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымымен бірге (Ислам конференциясы ұйымы жанындағы ИСЕСКО) және ЮНЕСКО және ИСЕСКО мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясымен бірге Мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинақтау, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі мамандардың аймақтық кездесуін өткізеді.  

   Қазақстан мен Орталық Азия ғасырлар бойы ислам өркениетінің қалыптасуы мен дамуына қомақты үлесін қосып келеді. Біздің сөзімізге мемлекеттік қорлар мен жеке қорларда сақталған араб жазуымен жазылған қомақты мөлшерде сақталған аса құнды қолжазбалар басты дәлел бола алады. Қазақ, шағатай түрік, араб және парсы тілдерінде жазылған бұл қолжазба ескерткіштерде Орталықазия аймағының тарихы мен мәдениетіне қатысты аса құнды мағлұматтар сақталған.

  Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қатар мұсылман ескерткіштерін анықтау, зерттеу, санаққа алу және насихаттау секілді жұмыстар жандана түсті. Осыған орай ғылыми және практикалық мәні бар ең өзекті мәселе туындайды және ол тікелей ұлттық кадрларды дайындайтын мұсылман қолжазбаларының жалпыұлттық ортақ қорын яғни Қазақстандық орталықты құруға қатысты.

   Бұл кездесуді өткізудің басты мақсаты мұсылман қолжазбаларын зерттеу жөнінде тәжірибе алмасу, қазақстандық және маманданған мекемелер арасындағы әріптестік шеңберін кеңейту және сондай-ақ осы мәселемен айналысатын шетелдік орталықтармен қарым-қатынасты жандандыру болып табылады.

   Кездесу барысында төмендегідей мәселелер талқыланады деп күтіледі:

1. Қазақстанның әртүрлі қорларында сақталған мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинау, сақтау және қалпына келтіру мәселелері;

2. Қазақстан және Орталық Азия елдері мамандарының тәжірибе алмасуы;

3. Қолжазбалар мен артефактілерді жинау, сақтау және қалпына келтіру туралы ұсыныстар жасау.

   Кездесуге Қазақстан Республикасы ғылыми-зерттеу институттарының, архивтерінің, кітапханалары мен музейлерінің жетекші деректанушы-мамандары мен эксперттері және сондай-ақ мұсылман қолжазбалары бойынша Орталық Азияның  палеография мен кодикология саласының мамандары қатысады.

Аймақтық кездесудің мекен-жайы: 

 Алматы қаласы, Абай көшесі 14

(ҚР Ұлттық кітапханасы, 1 қабат, конфернец-зал)

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование