KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065937
2019 жылы:  131472
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.02.2011

   14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Қайнар» университетінің жәрдемдесуімен Қытай азаматы, белгілі тіл маманы, отандасымыз Нұрбек Әбикенұлы  құрастырған «Қазақ-қытай сөздігінің» тұсаукесері өтті. Бұл сөздік Қазақстанда тұңғыш рет шығарылып отыр.

  Тұсаукесер аясында «Қайнар» университетінің ректоры Е.Омаров қазақ елінің тарихында ерекше орны бар Отырар кітапханасының маңызды деректемелерімен таныстырды. Бұл еңбектер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

  Қазақстан ғалымдары 70 000 сөзді қамтыған «Қазақ-қытай сөздігінің» шығуына қолдау көрсеткен. Сөздікте әрбір сөздің мағынасы сөйлемдермен және сөзтіркестерімен түсіндірілген.

  «Қазақ өркениеті» (№ 4, 2010) журналындағы мақаласында автор Отырар кітапханасының әлемдегі ең ірі кітапхана болғанын дәлелдеуге тырысқан. Профессор Е.Омаров Отырардың қираған орындарында жуық арада археологиялық қазба жұмысын бастауды ұсынады.

  Тұсаукесерге белгілі ғалымдар: академик Ә.Нысанбаев, тарихшы У.Шәлекенов, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалымдары: қытайтанушы К.Ғабитхан, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және «Қайнар» университетінің қытайтану кафедрасының  оқытушылары қатысты. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование