KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888345
2019 жылы:  22060
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.02.2011

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы заңғар заңгер, ғалым,  қоғам қайраткері, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Салық Зимановты мерейтойымен құттықтайды және оның өмірі мен қызметіне арналған «Салық Зиманов ─ патриот, азамат, ғалым» атты арнайы безендірілген кітап көрмесін ұсынады.

   Көрме негізгі алты бөлімнен тұрады: «Отбасы, әскери өмірбаяны», «Ұлттық-мемлекеттік құрылыс стратегі», «Ғылыми және педагогикалық қызметі», «Ұлы адамдар жайлы», «С.Зиманов туралы», «Лайықты шәкірттер».

   Бірінші бөлімде академиктің өмірі мен қызметі жайлы ақпараттар, туған жері туралы материалдар, отбасы, қатардағы жауынгерден гвардия майорына дейінгі өсу жолы, майданда болғаны, марапаттары жайлы энциклопедиялық басылымдар ұсынылған.

   Келесі бөлімге С.Зимановтың депутат, заң шығару органдарындағы  түрлі комитеттердің төрағасы және тәуелсіз мемлекетіміздің идеологі ретіндегі қызметін көрсететін кітаптары, ғылыми монографиялары қойылған.

    Көрменің үшінші бөлімі ─ С.Зимановтың заңгер-ғалым, профессор, академик, Қазақстанның заң ғылымының көшбасшысы ретіндегі ғылыми және педагогикалық қызметіне арналады.

     Төртінші бөлім ─ С.Зимановтың қазақ халқының атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билері жайлы зерттеулерін, сондай-ақ ұлы ойшыл, қайраткерлер Абай, Ш.Уәлиханов, М.Сералин, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы ғылыми мақалалары мен баяндамаларын қамтиды.

      Бесінші бөлімде белгілі ғалымдар С.Ударцевтің, Г.Әлімжанованың, С.Сартаевтың, т.б. пікірлері бар.

     Қорытынды бөлімнен көрмеге келушілер оның шәкірттері және олардың ғылыми еңбектері жайлы материалдармен таныса алады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование