KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065921
2019 жылы:  131456
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.02.2011

  2011 жылы 17 ақпанда Ұлттық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың  халыққа кезекті жолдауы талқыланды. Бұл іс-шараның кітапханалар үшін идеологиялық және кәсіби маңызы туралы Ұлттық кітапхананың бас директоры Орынбасар Исахов айтып өтті. 

   Ғалым-хатшы Е.Исмаилов әлемдік және отандық тәжірибедегі  «Жолдау» мен «Үндеу» ұғымдары, Президенттің барлық 17 тарихи жолдауының сабақтастығы мен дәйектілігі туралы толымды баяндама жасады. 2011 жылғы жолдаудың білім беру мен мемлекеттік тілді дамыту саласындағы басымдықтары мен міндеттері кітапханалық инновацияны енгізу жөніндегі ағымдағы жоспарлармен, жалпы ұлттық кітап қорын  сапалы қалыптастырумен және республикада кітапхана ісінің болашақтағы дамуымен тікелей байланысы тұрғысынан  ерекше атап өтілді.

  Президенттің жолдауындағы идеяларды талқылауды қорытындылай  келіп, бас директор О.Исахов: осынау аса маңызды құжаттағы сындарлы ойларды қолдай отырып, біз іс жүзінде  кәсіби бәсекеге қабілеттілігімізді қолдап, дамыта беретін боламыз, деген тұжырым жасады.    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование