KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888326
2019 жылы:  22041
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2011

  2011 жылы  25 ақпанда  «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқырмандар залында жазушы–фантаст Жүніс Сахиевтің шығармашылығына арналған «Ғылыми фантастикаға жол салған» атты кітап көрмесі ашылды.

   Қазақстанда сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазуды бастаған жазушы-фантаст, Қазақстан Жазушылар Одағы  сыйлығының лауреаты, Астрономия – геодезия қоғамының толық мүшесі Жүніс Сахиев. 

   Ж.Сахиев «Кеңістік көшпенділері» сериясымен  бастады. Ғылыми-фантастикалық романдары: «Тіршілік ұясы» (1971),  «Борыш» (1987), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Шолпанға көшкен ауыл» (2004), «Космотарих куәсі» (2006) т.б. ғылыми фантастикалық әңгімелер мен повестерін  жазған.  Ж.Сахиевтің осы астрономия ғылымы хақында жазған ғылыми–танымдық мақаласы ерекше орын алып отыр.  «Астрофизика» мен «Астрономия» оқулықтарын орыс тілінен қазақ тіліне аударған.

     Көрмеге  жазушы-фантастың  «Кеңістік көшпенділері» атты авторлық сериялы ғылыми-фантастикалық романдары, ғылыми-танымдық мақалалары мен аудармалары және ол туралы жазылған әдебиеттер қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование