KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 11 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909564
2019 жылы:  43279
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2011

   2011 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан әйелдері» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды. 

   Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақстанның іскер әйелдері» деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы» заңы, Қазақстанның гендерлік саясатының материалдары мен құжаттары «Гендерные исследования в Казахстане», «Гендерные исследования, гендерная политика и женское движение в странах Центральной Азии: попытка диагноза», «Гендерные аспекты развития предпринимательства в Казахстане», «Деловые женщины Казахстана» және т.б. қойылды.

   Келесі бөлім «Ана ғұмыр» тақырыбымен ашылады. Бұл бөлімге Қазақстан ақын-жазушыларының, көрнекті қайраткерлердің ардақты аналар туралы еңбектері қойылды. Олардың арасында белгілі жазушы әрі драматург Тахауи Ахтановтың таңдаулы драмалық туындылары, қазақ халқының қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының «Музей апа» атты әңгімелер жинағы, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың еңбектері және т.б.  көптеген  материалдар бар.

   Үшінші бөлім «Қазақстан өнерінің жұлдыздары» деп аталады. Бұл бөлімге Кеңестер Одағының халық әртісі, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Роза Бағланова, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, халық әртісі Шара Жиенқұлова, Әмина Өмірзақова, тағы басқалары туралы кітаптар мен құжаттар қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование