KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888261
2019 жылы:  21976
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.03.2011

   2011 жылдың  11 наурызы күні ҚР Ұлттық кітапханасында ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттауды басты бағыт етіп алған, еліміздегі бірден-бір  республикалық «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» журналы таныстырылды.

   Республикалық «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ»  журналы 2010 жылдың қазан айынан  бері шығып келеді. Негізгі мақсат – жоғарыда атап өткендей,  ұлттық идеологияны жүргізуге атсалыса отырып, қазақ қыздарының тәрбиесіне оң ықпал ету.   Жаһандану заманында қыз-келіншектеріміздің бойында ұлттық болмысты қалыптастыру. 

   Басылымдағы «Ата салт», «Қызым, саған айтам», «Мен іздеген қалыңдық», «Білгенге маржан», «Ажарлы боламын десеңіз» т.с.с. қызықты айдарлар, бүгінгі биік талғамды оқырмандардың үдесінен шығуды қолға алып отыр.  Сонымен бірге «Өткеннен өнеге», «Арысын аялаған асыл жарлар» айдарларында қоғам мен мәдениетке зор үлес қосқан, бүгінгі һәм кешегі өткен аналарымыздың өмір тарихы  толығырақ тарқатылады.

  Игі бастаманы қолға алып отырған әріптестердің ізгі ісін көпшілікке насихаттауға арналған кешке танымал өнер жұлдыздары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование