KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065822
2019 жылы:  131357
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2011

  2011 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы OCLC (Онлайн компьютерлік кітапханалық http://www.oclc.org) орталығымен бірлесіп OCLC ақпараттық семинарын өткізді.

  Семинарды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Бас директорының бірінші орынбасары Г.К.Балабекова құттықтау сөзбен ашты. OCLC-тің және WorldCat-тың дүниежүзілік каталогының  қызметімен  OCLC өкілдері: OCLC-тің атқарушы директоры доктор Рейн ван Чарлдорп,  WorldCat маманы, аймақтық менеджер Вивиен Кук ханым таныстырды.

   OCLC каталог ісін жолға қоятын және дүниежүзілік жиынтық каталогы бар   халықаралық кітапхана желісін ұйымдастырады. Семинарда OCLC-дің өнімі, соның ішінде көріністі, уақытша немесе тілдік шектеулерсіз ақпарат жинақталатын  ең ірі онлайн библиографиялық ресурсы  - WorldCat таныстырылды. Семинардың мақсаты – Қазақстанның  кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының мамандарын OCLC-тің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан кітапханалары OCLC-пен ынтымақтасудан ие болатын басымдықтармен таныстыру болды. 

   Қазақстанның  кітапханашылары бұл ынтымақтастықтың басты мақсаттарының бірі - әлемдік ақпаратпен бірігу, Қазақстанды  WorldCat-тың дүниежүзілік каталогында лайықты көрсету  мүмкіндігі деп біледі.

   Семинарға ұлттық, республикалық, облыстық, қалалық кітапханалардың, Ұлттық кітап палатасының мамандары қатысты. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование