KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888349
2019 жылы:  22064
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2011

   Қазақстан  Республикасы Мәдениет министрлігі   Мәдениет комитетінің төрағасы  І.М. Қозыбаевтің 2011 жылдың 15 наурыз күнгі № 18 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директорлығына ҚРҰК-ның Бас директорының 1-ші орынбасары болған Г.К. Балабекова тағайындалды.

   2011 жылдың 17 наурыз күні жаңа  басшыны ресми таныстыру рәсімі өтті. Ұжымға жаңа басшыны ҚР Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед таныстырды. Құттықтау сөзінің басында М.А.Құл-Мұхаммед бұрынғы Бас директор О.И.Исаховқа атқарған қызметі үшін алғысын білдірді, Отан алдындағы көп жылғы еңбегінің еленіп, еліміздің мәдени дамуына қосқан айтулы үлесі үшін мемлекеттік награда «Құрмет» орденін алғаны соның айғағы екенін айтып өтті.

   Қызметкерлер алдында О.И.Исахов ұрпақтар жалғастығын тілге тиек ете отырып, жаңа басшы кезінде де Ұлттық кітапхананың бүгінгі жетістіктерінің еселене түсіп, әлемдік ақпараттық кеңістікте өзіндік орны болатынына сенімді екенін айтты.

   Г.К.Балабекова ҚР Ұлттық кітапханада Ленинградтағы  Н.К.Крупская атандағы Мәдениет институтын (кітапхана факультеті, «Кітапханалық-библиографиялық жұмыстарын автоматтандыру»- мамандандыру бағыты бойынша)  бітіріп шыққан 1987 жылдан бері қызмет жасайды. 1987-2003 жылдары ҚР Ұлттық кітапханасында библиограф, аға библиограф, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2004 жылы Бас директордың орынбасары, 2008 жылы Бас директордың 1-ші орынбасары болып  тағайындалды.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы О.И. Исаховқа атқарған қызметі үшін алғысын білдіре отырып, Г.К.Балабековаға жаңа қызметте шығармашылық табысқа жетуін тілейді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование