KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888377
2019 жылы:  22092
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2011

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде «Қазіргі қазақ әдебиеті» атты ашық қор ұйымдастырылды.

   Бұл шараның басты мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан баспаларының қазақ әдебиетіне қатысты жаңалықтарын кітапхана оқырмандарына кеңінен насихаттау, автор мен оқырман жастарды рухани жақындастыру, жастардың туған әдебиетке деген құштарлығын арттыру.

   Ашық қорда Қазақстан баспаларының соңғы 10-15 жылда қазақ әдебиетіне байланысты шығарған өнімдері қойылды.

   Қордағы көркем туындылар баспа айдарлары бойынша орналастырылды. «Жазушы» баспасының «Қазақтын 100 романы», «Қазіргі қазақ поэзиясы» сериясы, «Раритет» баспасының «Қазіргі қазақ прозасы», «Жыр жауһары», «Балалар әдебиеті» сериясы, «Елорда» баспасының «Алтын қор» сериясы, «Ан-Арыс» баспасының «Алтын қалам» сериясы, «Нұра-Астана» баспасының «Қазіргі қазақ сатирасы» сериясы, «Ақарман» баспасының «Қазіргі қазақ драматургиясы» сериялары аясында шыққан кітаптар оқырмандарды шығарма мазмұнымен қатар отандық әдебиеттің түрлі жанрларымен таныстырады.

   Бұл көрмеде аударма әдебиет ерекше орын алады. Астанадағы «Аударма» баспасынан шыққан қазақ авторларының орыс тіліндегі шағармаларымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан шетел авторларының қазақ тіліндегі туындылары көрменің ауқымды бөлімін құрайды.

   Шетелдегі қазақ әдебиеті өкілдерінің туындылары отандық баспалардан «Қауымдастық кітапханасы» сериясымен шығып отыр, ашық қордың бір бөлігі осы кітаптарға арналған. Қазір аса сұранысқа ие болып жүрген Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық және Таңжарық Жолдыұлының 2 томдық шығармалары осы бөлімде.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование