KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888407
2019 жылы:  22122
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2011

   ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен 21 сәуірде сағат 10-да облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының «Қазақ­станның 2012-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуын кітапха­на­лық­­-ақпаратпен қамтамасыз етудің салалық бағдарла­масы» жобасын тал­қы­лауға арналған кеңесі өтеді.

   «Қазақ­станның 2012-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуын кітапха­на­лық­­-ақпа­   ратпен қамтамасыз етудің салалық бағдарла­масы» жобасы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған.

   Кітапхана Мәдениет министрлігі жүйесіндегі кітапханалардың ақпараттық-ресурстық әлеуетін жаңартудың кең көлемді бағдарламасын іске асыруға кірісті. Республикалық және аймақтық деңгейдегі ақпараттық кеңістікте кітапханалық инфрақұрылымның бәсекеге қабілетті  жаңа бағыты ұсынылады.

   Жоба аймақтарға инвестиция тартудың өсуіне және индустрияландыруға қолдау көрсетуге кітапхана қорларының сұранысқа ие болуы  мақсатында жүзеге асырылады.

   Салалық бағдарламаның барлық шараларының негізгі 4 басымдығы бар:

·        Ұлттық кітапханалар мен ОӘҒК қорларын аймақтарды индустриялық-инновациялық дамыту тақырыбы бойынша қалыптастыру;

·        кітапханалардың әлемдік электрондық ресурстар жүйесіне қолы жетуін ұйымдастыру;

·        аймақтық ақпарат орталықтарының жұмысына заманауи IT-технологияларды енгізу;

·        мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуын кітапханалық-ақпараттық қолдау үшін ҚР ҰК жанынан жалпы республикалық басқару және үйлестіру  орталығын ұйымдастыру.

  Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәтінінде Салалық кітапханалық бағдарламаны дайындаушылар кітап қорын толықтыруда республиканың, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескеретін жоғары технологиялық, ғылыми ауқымды ақпаратпен толығуының және дамуының құралы ретінде қаралады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование