KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888381
2019 жылы:  22096
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.04.2011

   2001 жылдан бері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қазіргі заманғы қазақстандық кітаптарды әйгілеуге атсалыса отырып, Баспагерлер мен кітаптаратушылар ассоциациясымен және кітапханалармен бірлесіп ұйымдастыратын дәстүрлі «Ұлы Жібек жолымен» атты Халықаралық кітап және полиграфиялық жәрмеңкесіне қатысты.

   VI Қазақстандық Халықаралық жәрмеңкеге белсене қатыса отырып, ҚР Ұлттық кітапханасы жәрмеңкенің қатысушылары мен келушілеріне өзінің тәуелсіздік жылдарында шыққан басылымдарының көрмесін ұсынды: олар – іргелі библиография-лық көрсеткіштер: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»; отандық әдебиеттің 1958-1967 жж. дамуына арналған «Қазақстанның көркем әдебиеті», көне дәуірден XX ғасырдың бас кезіне дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша 1985 жылдан бергі жарық көрген әдебиеттерді қамтитын «Қазақстан тарихы»; «Егеменді Қазақстанның философиялық ғылымдары»,  «Қазақстан этностары»; қазақтың белгілі қайраткерлері мен ақын-жазушыларына арналған көрсеткіштер; «Қоғамдық ғылымдар» және «Мәдениет. Өнер. Әдебиет. Тіл білімі» сериялы реферативтік журналдар, «Кітапхана» және «Ұлттық кітапхана» кәсіби журналдары; араб және латын графикасымен басылған қазақ кітаптарының каталогтары, ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы парсы тіліндегі қолжазба кітаптардың каталогы; жаңа астананың дамуына арналған «Астана – арман қала» және Қазақстан мен Ресейдің ұлы ақындары Абай мен Пушкинге арналған «Ресей мен Қазақстанның ақындық жылы» CD-ROMдары және т.б. басылымдар. ҚР Ұлттық кітапханасының басылымдары оқырмандар үшін ақпараттың таптырмайтын дереккөздері болып табылды.

   Сонымен бірге,  ҚР Ұлттық кітапханасы еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына  орай, «Алматыкітап» баспасымен бірлесіп, авторлардың, облыстық кітапханалар директорларының және оқырман қауымның қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның әдебиетіндегі тарих, тұрмыс және мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізді.

   ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері жәрмеңке аясында ұйымдастырылған ақын-жазушылар Жаркен Бөдешұлы,  Дәулетбек Байтұрсынұлы және Софы Сматаевпен болған кездесулерге, т. б. іс-шараларға қатысты.

   Кітап жәрмеңкесі аясында ҚР Ұлттық кітапханасы Ресей баспаларымен тығыз байланыс орнатып, кітап қорына Ресей баспаларынан - 180 дана, Қазақстан баспаларынан – 170 дана,  барлығы – 350  дана жаңа ғылыми кітаптар сыйға алынды.

   ҚР Ұлттық кітапханасы VI Қазақстандық Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің «Ынтымақтастық үшін» дипломымен және «Ұлт Көшбасшысы» номинациясында «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты ретроспективтік библиографиялық көрсеткіші үшін дипломмен марапатталды.

                                               

                    

                                               

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование