KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888318
2019 жылы:  22033
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2011

   Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесіне орай, Ұлттық кітапхана безендірілген ауқымды «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» («Казахстан –  наш общий дом») атты кітап көрмесін ашады. Кітап көрмесі «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» («Независимый Қазақстан: 20 лет мира, согласия и созидания») атты іс-шаралар топтамасының аясында ұйымдастырылды.

   Көрмеде 1 000-нан астам қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердердегі басылымдар қойылған. Бұл материалдар Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың рухани және әлеуметтік өмірінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, әрбір этностың адамзат өркениетінің қазынасына қосқан үлесі жайлы баяндайды.

    Көрмеде Қазақстан туралы кітаптар мен альбомдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Президентінің Жарлығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы мен Ережелері, барлық ұлттар мен азаматтарға жан-жақты дамуға, өмір сүру мен жұмыс істеуге лайықты және тең жағдай жасауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясы ұсынылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі,  облыс әкімдері басқарған Кіші ассамблеяның материалдары, Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының және Дүниежүзілік қазақтар ассоциациясының  материалдары көрнекі түрде  қойылған.

    Көрменің әрбір бөлігі қазақ, орыс, украин, корей, неміс, ұйғыр халықтарының және Қазақстан жерінде тұрып жатқан басқа да ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын көрсетеді.

   Бұл көрме арқылы әрбір жеке ұлттың және Қазақстанға әр кезеңде жер ауып келіп, осы жерден  екінші Отанын тапқан әртүрлі ұлттың мәдени  құндылықтарын сақтай келген бүкіл қазақстандық қоғамның бар бірегейлігін түсінуге болады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование