KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067580
2019 жылы:  133115
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.05.2011

   2011 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ұлы ақын және ойшыл, көрнекті публицист, зерттеуші-ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 75 жылдығына арналған шығармашылық кеші мен «Олжас кітапханасы» Баспа үйінің кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Осы атаулы оқиғаға орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «ӘР СӨЗІНЕ ТӘҢІРІМ ИІП ТҰРҒАН...» атты академиялық безендірілген кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге 200-ден астам қазақ, орыс  және шет тіліндегі кітаптар қойылған. «Туған қалам – Алматым», «Арғымаққа мінген ақын», «Тауларды аласартпай – даланы биіктетейік», «Елін әлемге  танытқан азамат», «Жер – ананы аялатқан», «Қаламгер – халық перзенті» атты бөлімдерден тұрады. Көрмеде Ұлттық кітапхананың қорындағы кітаптар, соның ішінде Олжас Сүлейменовтің 1975 жылы басылып шыққан «АЗ и Я» кітабы, «Атамекен», «Қыш кітабы»,  «Арғымақтар», 7-томдық шығармалар жинағы, таңдамалы туындылары, т.б. көптеген кітаптары ұсынылған.

   Сонымен бірге, жақында ғана ашылған «Олжас кітапханасы» Баспа үйінің ақынның мерейтойына орай басып шығарған жеті кітаптың:          «Аз и Я», «Глиняная книга», «Литература это жизнь», «Беседы с Олжасом»,  «И в каждом слове улыбался бог...», «Но людям я не лгал...», «Феномен Олжаса»  кітаптарының тұсаукесер рәсімі болды.

   Шығармашылық кеш барысында видеоролик және мультимедиялық CD-диск  көрсетілді.

   Олжас Сүлейменовпен кездесуге белгілі жазушылар, ақындар, шығармашылық бірлестіктердің және ұжымдардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, кітапханалардың, баспалардың өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

   Ұлы замандасымыз, қазақ ақыны мен ойшылы О.О.Сүлейменовпен кездесу осы жылдың  ең маңызды оқиғаларының біріне айналары сөзсіз.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование