KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888319
2019 жылы:  22034
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.05.2011

   2011 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабы екі бөлімнен тұрады. «Анық Абай» деп аталатын бірінші бөлімінде (14 бөлімді деректі фильм) ұлы ақынның өскен ортасы мен шынайы өмірі жөнінде нақтылы деректер мазмұндалған. Авторы Қасым Аманжолұлы. Бұрын осы кітаптың бірінші бөлімі «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрерменге таныстырылған.

   Екінші бөлім кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің бүкіл әлемге мәшһүр болған «Абай жолы» роман-эпопеясының толық нұсқасы бойынша дайындалған. 80 сағаттан тұратын аудиокітапты дайындауға Жәнәбіл Сымағұлұлы, Мұратбек Тесебайұлы, Манен Зейнелұлы, Серік Әбілұлы, Жеңісқан Нүсіпұлы, Қайрат Нәбиұлы және т.б. азаматтар атсалысты.

   Аудиокітап Шыңжан халық радиосында дыбысқа салынып, Пекиндегі ұлттар дыбыс-кескін баспасында басылып, таратылды.

    Тұсаукесерге аудиокітаптың құрастырушылары Серік Әбілұлы мен Қайрат Нәбиұлы да қатысты.

   Серік Әбілұлы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында туған. Ақын, жазушы, сазгер өз қызметін қытай-қазақ радиосында әдебиет-көркем өнер бөлімінен бастаған. Қазақ радиосының мемлекеттік бірінші дәрежелі дикторы, журналист, әнші «Дариға-ай», «Күміс жебе», «Шолпан» кітаптарының авторы болып табылады. Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің лауреаты, Шыңжан жазушылары қоғамының алқа мүшесі.

   Қайрат Нәбиұлы Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағында туған. Ағартушы, журналист, публицист, бизнесмен. Отызға тарта ғылыми мақалалар мен бірнеше кітаптың авторы. Оның ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған «Абай ата» дыбыс кескіні мен Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойының қарсаңында баспадан жарық көрген «Мұхтар аға» атты эсселер кітабын кезінде оқырмандар жылы қабылдаған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование